jasqazaq.kz

Қайыр сұраған Өзбекстан азаматшасы елден қуылды

27 қараша 2017, 12:57

Көкшетау қаласында қоғамдық орындарда қайыр сұрап, тұрғындардың мазасын алған Өзбекстан Республикасының азаматшасы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан азаматшасы ұзақ уақыт бойы Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында қайыр сұрап келген. Келіншекті арнайы рейд барысында қалалық ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері ұстаған.

«Шетел азаматшасының ҚР ӘҚбК 449-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Сондықтан ол дереу ел аумағынан шығарылды», — деп түсіндірді ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері халықтың көшіп-қонуына байланысты ҚР заңнамасын бұзған 4 115 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 3 719-ының Қазақстан Республикасы аумағынан шығу мерзімі өтіп кеткені, ал 396 шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады