ҚАЙТАРЫЛАТЫН АКТИВТЕР ҚОҒАМНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

13 шiлде 2023, 21:26

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды. Иә, бұл қазақстандық қоғам үшін жаңа қадам. Құрылып жатқан Жаңа Қазақстанның тың жаңалығы десек артық айтпағанымыз.

Бұл заңды қабылдау процесі бір күндік жұмыс емес екені мәлім. Оны бір-екі күн ішінде орындау да мүмкін емес. Заңсыз, жасырылған активтер елден шығарылғанымен, міне уақыт өз төрелігін жасап, қазынаны қайтаратын игілікті заң қабылданды. Қайтарылатын барлық активтерді Парламент, бүкіл халыққа есеп беретін мемлекет басқаруы шарт. Мұндай заң шетелдік тәжірибеде қолданылып, халықаралық стандарттарға сүйене отырып жасалған. Ел байлығын шетел асырғанымен жұмысты уәкілетті орган Бас прократура жүргізбек. Өз кезегінде тәркілеу процесі заңдастырылған алгоритм бойынша іске асады. Жаңадан түлеп отырған мемлекетімізде бірінші кезекте заң үстемдік еткендіктен қоғамдағы барлық іс-әрекеттер де құқық шеңберінде жүзеге асып отыр. Оның бір мысалы заңсыз активтерді елге қайтару болып тұр. Елдің олигархтары мен шенеуніктеріне сабақ болар әділдік орнату ісі уақытшалық науқан емес, бұл заң ашықтықты қамтамасыз етуші құжат. Аталған заң ірі көлемдегі жемқорларға, көлеңкелі бизнеспен байығандар мен табысынан мемлекеткен салық төлеуден жалтарған ықпалды кәсіпкерлерге қарсы қабылданған.

Елден тысқа шыққан активтерді қайтару ісінде өкілетті органдардың әділдігін қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен депутаттар, Үкімет мүшелерінен құралған арнайы комиссия бақылайды екен. Осының өзі атқарылып жатқан жұмыстың әділ әрі ашық болуын, жариялылығын қамтамасыз етеді. Өкілетті органның әр қадамынан халық та хабардар болып отырады.

Бұл – мемлекеттің қаржысы. Халықтың, мемлекеттің байлығын өз пайдасы үшін сыртқа ұрлап әкеткендерге арналған бұл Заң мемлекеттің меншігіне деген көзқарасты өзгертіп қана қоймайды, бұл заң өз кезегінде ішкі байлықты халық игілігіне сауатты жұмсауға да сеп болады. Мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып, сыртқа әкеткендерге де мемлекеттің құрығы жететінін көрген халық билікке деген көзқарасы өзгеретіні сөзсіз. Халықтың ертеңгі күнге деген сенімі арта түссін дейміз!

Сәуле РЫСБАЕВА,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, саяси ғылымдар кандидаты
***
ЕЛ ҮШІН ИГІЛІКТІ ҚҰЖАТ

Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару заңы ел үшін игілікті құжат. Жаңа Заңның Қазақстанның қоғамның қатынастарындағы мәні мен маңызы өте ерекше.

Халықаралық стандарттарға сай әзірленген Заңның тиімділігі сыртқа кеткен қыруар қаржымен қатар ел ішіндегі ірі нысандардың активтері, дүние-мүлкі пен төленбей қалған салықты қазынаға қайтаруды қарастырады. Аталған Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады. Яғни, елде жоғары саяси, мемлекеттік лауазымдарды атқарған шенеуніктер, олардың отбасы мүшелері, соның ішінде балалары, сондай-ақ, биліктегілермен байланысы болған олигархтардың дүние-мүлкі тексеріліп, олардың өз байлығын қаншалықты адал жиғаны анықталмақ.

Ең бастысы жаңа Заңның ерекшелігі Заң жұмыс істеп, заңсыз иемденген активтер мемлекетке қайтып, қайтқан дүние халықтың әл-ауқатын көтеруге, әлеуметтік мәселелерін шешуге, сонымен бірге жаңа тың жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болса, халықтың мемлекетке, елге деген сенімінің арттыруына сеп болмақ. Бұл халыққа, жалпы мемлекетімізге керек заң. Сонымен қатар, жаңа Заң олигополияға да қатысы бар, яғни бұрын-соңды билік тізгінін ұстаған, не квазимемлекеттік компанияларды басқарған тұлғаларды тексеруге жол ашады.
Заңсыз иемделінген активтерді қайтару ерікті түрде немесе республиканың, шет мемлекеттердің сот актілері немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарының шешімдері негізінде мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Тексеріске іліккен тұлға төл активтерін немесе оның бір бөлігін заңды жолмен сатып алғанын дәлелдеуі шарт. Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, адал жолмен табылғаны дәлелденбесе, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз заңсыз актив боп саналады.

Заңсыз активтерді қайтаруда тұлға оны өз еркімен мемлекетке тапсырады немесе сот арқылы тартып алынады. Заңсыз иемденгендердің тізімі жабық болғанымен, активтерді қайтару процесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Ол үшін арнайы комиссия жұмыс істейді. Бұл мәселелердің бәрі өте маңызды.
Қорыта айтқанда, бұл жаңа Заң еліміздің әрбір азаматына берері мол және оның мемлекетімізді одан әрі дамытып, өркендетуіне қосар септігі зор.

Бауыржан ӘЛТЕЕВ, Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды