Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова өнер мен өмірдің қайсысын таңдауы керектігі жайлы Instagram желісіндегі оқырмандарымен ақылдасты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Жарияланған үш суреттің соңғысында әнші мен әйелі сүйісіп тұрғанын көруге болады. «Мында мен сіздермен ақылдасып, ұсынылған әр-бір рөлде өзімді елестетіп, отырсам… Қожайыным: «Томирис xаным! Менің сұлу перім болып, отбасылық дәрігер болып, әулеттің Супер келіні болып, осы шаңырақта-ақ, жағымды басты рөлде ойнап жүре берші!»- деп, сіздермен ойласқан жоспарымды орнына қойып тастады», — деп жазды ол суреттерді жариялай отырып.
Ал кеше ғана Жұлдыз Әбдукәрімова «Арман/Когда ангелы спят» фильмінен кейін тағы бір фильмге түсуге ниеті бар екенін мәлімдеген еді. Оқырмандардың басым бөлігі «Арман/Когда ангелы спят» фильмін көріп, сезімге бөленгенін әрі қатты әсер еткенін жазған. Сондықтан оған жар ғана болып қана қоймай, дарынын ашуға кеңес берді. Ал кейбірі әйел адамның басты құндылығы отбасы болуы керектігін айтып, өз ойларын ортаға тастады.
«Күйеуіңді де тыңдағаның дұрыс оныңда бір ойлағаны бар шығар осындай ашық түстісін тақшы басыңа жақсы жарасады», Құрметті Жұлдыз ханым, əйел адам қашанда үйдің берекесі ғой. 4 балапанынызды тəрбиелеп, ақылды ана, аяулы келін, адал əйел боп отырсаныз,қандай керемет… Қайратқа қосыламын… Екеуіңізді аллам тіл көзден сақтасын..» деп ақылын аямай жатыр.Алайда оқырмандардың кейбірі бұл жазбада айтылған ойға емес, әнші екеуінің сүйісіп тұрғанына сын айта жөнелді. «Сіздің керемет жан екеніңізді танып біліп жатырмыз. Бырақ енді мұндай сурет салмаңыз. Мұсылманға жат қылық», «Саған айтарым мына суретті салғаның уйят қой,енең,атаң,қайныларың көрмейме? артық қылам деп, тыртық қылудан сақтасын».
Айта кетейік, көпшілік алдында шыққанына бір ай өтпестен, әншінің әйелі Instagram желісінде өте танымал болды. Қазіргі таңда оның парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған.