jasqazaq.kz

Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл бойы құрбыларына қатаң талап қойып келген

13 қараша 2017, 10:41

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева Қайрат Нұртастың жұбайымен қалай танысқанын, онымен достығын жылдар бойы қалай жасырғанын, сонымен бірге Жұлдыздың қойған қатаң талаптары қандай болғанын жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты.

Жұлдыз бен Салтанаттың таныстығы осыдан 10 жыл бұрын театр қабырғасында бастау алған. Әбдікәрімова тұрмысқа шығып, отбасылық өмірді таңдаса, Бақаева актрисалық мансап жолында кетеді.

Қос құрбының қарым-қатынасы бұған дейін еш үзілмегенімен, бірге түскен суреттерін желіге жүктеуге рұқсат болмаған. Салтанаттың айтуынша, Жұлдыз осы күнге дейін оған қатаң талаптар қойып келген.

Бірге түскен суретін желіге салуға, ол туралы жазуға Жұлдыз мүлдем рұқсат бермей қойған.

«Талап сондай болды. Кейде білмей салып қойып, кейде өшіретін де сәттер болған. Ондай көп болды. Ол кезде мысалы, Жұлдыз өзін афишировать еткісі келмеді», — дейді ол.

Жұлдыздың инста парақшасына бір айдың ішінде 317 мың оқырман жазылған. Салтанаттың сөзінше, бүгінде танымалдығы күн санап артып келе жатқан Әбдікәрімованың, ел алдында емін-еркін жүріп-тұруы қиындаған.

«Жай жүруге де мүмкіндік жоқ. Егер осындай танымалдылық сол кезде болса, ол өзі қарапайым өмір сүре алмай қалатын ба еді деп ойлаймын. Өйткені, қазірдің өзінде онымен бірге жүру, былайша айтқанда сабырсыз халық кәдімгідей көңіл бөледі оған.

Былайша адам ретінде мүлдем өзгерген жоқ. Ол Астанада тұрады. Міндетті түрде кездесуге тырысамыз, өте талантты қыз және оның жұмысын кинодан көрген соң, халықтың оған деген сүйіспеншілігі арта түсті деп өзім ойлаймын», — дейді Салтанат.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы