Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді

16 сәуiр, 12:05

Алматы – инвестиция үшін тартымды қала. Ірі мегаполисте кәсіпкерлікпен айналысуға да, өнеркәсіп өндірісін дамыту үшін де барлық жағдай жасалған.

Шаһарға инвестиция тарту саласындағы көрсткіштер жайында jasqazaq.kz тілшісі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Нұрқасымовтан сұрап-білді.

— Қайрат Нұрсоветұлы, статистикалық деректерге жүгінсек, өткен жылдың 10 айында қалада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,2 пайызға артып, 1,2 трлн теңгені құрады. Алматының инвестиция салуға тартымды шаһар болуына қандай факторлар ықпал етіп отыр?

— Алматы — түрлі елдердің кәсіпкері мен инвесторлары назар аударатын қаржы және мәдени орталық екені сөзсіз. Қалада заманауи көлік желілері, әуежай, коммерциялық нысан мен тұрғын үй кешенін қоса алғанда, дамыған инфрақұрылымы бар. Сондай-ақ инвесторларға арналған түрлі жеңілдіктер және артықшылықтар ұсынатын арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді.
Мәселен, Алматы Индустриялық аймағында өнеркәсіп басым бағыт ретінде дамып келеді. Мұнда жеке компаниялардың инвестициялық жобаларына инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері беріледі. Ал «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы салық жеңілдіктерін ұсына отырып, компанияларды тартады. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы өз резиденттеріне өнімнің және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын төмендетуге көмектесе отырып, түрлі салық және кедендік артықшылықтар ұсынуды қамтамасыз етеді. Статистикалық деректерге жүгінсек, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларының ішінде Алматы қаласының негізгі капиталына 24,5%-ға өсімімен 189,9 млрд теңге тартылды. Жеке инвестициялардың өсімі 23,8%-ды құрады.

— Алматы Индустриалды аймағының әлеуеті, кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері және сол аймақта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқтала кетсеңіз.

— Алматы Индустриялық аймағы — өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыруға инфрақұрылымдық қолдау көрсететін және оларды орналастыру үшін жер учаскелерін беретін өңірдің өнеркәсіптік, әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды құралы. Ағымдағы жылы Алматы Индустриялық аймағының аумағында 565 жұмыс орнын құра отырып, 10 инвестициялық жобаны ашу жоспарланды:
— «Telli Ondiris» – тұрмыстық химия және жеке гигиена өнімдерінің өндірісі бойынша зауыты;
— «Розан Азия» – халықаралық төлем жүйелерінің банктік карталарының өндірісі бойынша зауыты;
— «Kapital Construction» – темір арқаулы күшейту торының, кварц агломератының және пішінді құбырларының өндірісі бойынша зауыты;
— «ЖБИ Гарант» – толық айналымды темірбетон бұйымдарының өндірісі бойынша зауыты;
— «Kazakhstan Mobility Engineering» – автомобильдерге арналған электрондық дыбыс және бейне құралдарының өндірісі бойынша зауыты;
— «Vehicles Almaty» – автомобиль орындықтарының өндірісі бойынша зауыты;
— «АвтоПластТехнолоджи» – автомобильдерге арналған резеңке және пластик бұйымдарының өндірісі бойынша зауыты;
— «Astana Motors Engineering» – қоймалық үй-жайлар;
— «Almaty Building & Co» ПП – ауданы 5100 шаршы метрді құрайтын шағын өнеркәсіптік парк;
— «Industrial Place» – шағын өнеркәсіптік парк, ауданы 3 мың шаршы метр.
Алматы Индустриялық аймағының аумағында құрылған сәттен бастап, жалпы сомасы 128,8 млрд теңгені құрайтын барлығы 30 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 3 543 жұмыс орны құрылды. Бұл кезең ішінде компания 1 746 млрд теңгеге өнім өндірді және 45,8 млрд теңге салық төледі.

— Экономиканың дамуында жеке инвестицияның рөлі маңызды екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда өз қаржысын құйып, кәсібін ашып жатқан жеке инвесторлар туралы не айтар едіңіз?

— Өз қаржысын құйып, кәсібін ашып жатқан инвесторлар экономиканы дамытуда айрықша роль атқарады. Олар жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар инновацияны, бәсекелестікті және өндірістің өсуін ынталандырады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру қала экономикасына, өндіріс және көлік инфрақұрылымын дамытуды, инвестициялық белсенділікті күшейтуді, іскерлік ахуалды жақсартуды, жұмыс орнын құруды, өндіріс көлемін ұлғайтуды, заманауи технологияларды беруді, импортты ауыстыратын тауарлар өндіруді, отандық өндірісті дамытуды, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетті кеңейтуді қоса алғанда, оң әсер етеді.

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы

Бүгін, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды