jasqazaq.kz

Қайрат Құрманбаев: Діннің тұрақтылығы — қоғамның тұрақтылығы

13 желтоқсан 2018, 15:46

Дінаралық келісім мен тұрақтылық жайында Jasqazaq.kz тілшісі «Нұр- Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры,  Исламтану ғылымы бойынша PhD докторы Қайрат Құрманбаевпен сұхбаттасты.

Еліміздегі дінаралық келісім жайында пікіріңіз?

Дінаралық келісім дегеніміз —  жалпы дін мәселесі, дін ұстанушылардың мәселесі. Дінде мәселе жоқ,   мәселе — дін ұстанушыларда. Өйткені хақ дін -ол ақиқатқа, татулыққа насихаттайды. Қай кезеңде де болмасын, дін тарапына келгенде кейбір мәселелер туындады. Сондықтан тарихта өркениеттер қақтығысына келгенде нақты  ойлар айтылды. Сол секілді дінаралық төзімсіздік, дінаралық кикілжіңдер тарихымызда  орын алған болатын. Ол- дінаралық емес, бір діннің ішіндегі кейбір діни бағыттардың арасындағы  мәселелер екені белгілі. Ол орта ғасырлық, одан кейінгі кезеңдердегі православ, христиан әлемінде сондай –ақ  католиктер мен протестандықтар арасындағы діни сипаттағы саяси жорықтар, ислам тарихындағы кейбір діни топтардың өзара мәселелерінің барлығы тарихта орын алған дүниелар. Кейінгі кезеңдерде де көрініс тапты.

Ал еліміздің дін саласындағы саясатына қандай баға бересіз?

Қазіргі біздің қазақ қоғамында Тәуелсіз Қазақстандағы жағдайға оралатын болсақ, еліміз көп конвессиялық, көп ұлтты мемлекет болғандықтан Елбасымыздың көрегенді саясаты көпшілікті тамсандырады. Ал осындай  алпауыт мемлекеттердің арасында көп конвессиялар мен  көп ұлт өкілдерін біріктіру аясындағы  саясат,  оны жүргізу,  бірлікте болу бұл үлкен нәтиже. Өйткені түптеп келген кезде көп діндерде төзімділік жоқ. Біз енді көбінесе дінаралық келісім, дінаралық төзімділік деп айтып жатамыз.  Бірақ бұл практикада, ал теориясына келген кезде көп діндер бір-біріне төзімсіздік танытып жатады.  Тек қана біздің Қазақстандағы саясатымыз халықтар бірлігін, тыныштығын сақтауда  Тәуелсіздігіміз немесе қоғам тұрақтылығын сақтауда  бірнеше жылдардан бері  « Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін» өткізіп келеміз. Бұл процестің де жемісті нәтижесі бар. Осыншама көптеген конвессиялар шоғырланған Тәуелсіз Қазақстанда олардың басын біріктіріп, ел мүддесі үшін жұмыс істету үлкен саясаттың жемісті нәтижесі. Қазіргі біздің қоғамдағы тұрақтылық, ауызбіршілік, ынтымақ күннен күнге дамудың жолына түсіп келе жатыр. Бұл  еліміздің дінаралық келісімнің нәтижесі.  Дін саласындағы діни саясат әрине кемшіліксіз болмайды, дегенмен де еліміз дұрыс бағытқа қарай келе жатыр. Өйткені шын мәнісінде қазіргі таңда  дінаралық кикілжіңдер, қақтығыстар біздің қоғамда жоқ. Тек қана жекелеген ислам дінін ұстанушы кейбір жастардың жат ағымдарға бой алдыруы ғана өзіндік мәселе туындатып отыр. Оны да мемлекет осы «Нұр-Мүбарак Египет ислам университеті» секілді, ҚазұҰУ секілді исламтанушы мамандарды даярлайтын арнайы мамандықтарға   гранттар бөлініп, тіпті магистратура, доктарантура секілді білім салалары да жұмыс жасап жатыр. Бұл дегеніміз мемлекеттің қазіргі таңда да, болашақта да осы дін мәселелеріне көңіл бөліп, оның түпкі мақсаты осы мемлекеттің тұрақтылығы, қоғамның тыныштығы, халықтың ауызбіршілігін сақтауда діннің рөлін нығайту. Көпшілік түсінбеуі мүмкін жалпы дін деген нәрсені бір жақты түсініп қалуы мүмкін. Дін — адамның, қоғамның барлық саласын қамтитын құбылыс болғандықтан діннің адамның санасына өмір сүру салтына, жүріс –тұрысына көп ықпал етеді. Діннің идеологиясы, діннің құдыреті деген нәрсе бар. Сол үшін біз дін мәселесіне келген кезде өте мұқият болуымыз керек.

Діннің идеологиясы дегенді айттыңыз, тереңірек тоқталсаңыз?

Дін — адамның діни санасына әсер етеді. Өйткені кейбір адамдар діннің салдарынан өзін-өзі өлімге итермелейді. Мысал келтіретін болсақ, бір қазақ кришна дініне немесе сондай сенімге кірсе, оның жүріс-тұрысы, өмір сүру салты, бүкіл болмысының барлығы өзгереді. Оны негізгі өзгертіп тұрған нәрсе сол діни санасы мен діни сенімі. Сондықтан діни сенім мәселесін біз осы ғасырлардан бері қалыптасқан өзіміздің дүниетанымымыз, салт-дәстүріміз, болмыс-бітіміміз дұрыс бағыттағы классикалық исламнан нәр алған. Оны бүкіл тарихы жадымыздан жүріп өтті. Сол үшін біз оны жаңғыртып «рухани жаңғыру» аясында осы руханияттың өзегі дін оны Елбасы жақсы біледі. Сондықтан дін мәселесінде, белгілі бір діннің ішіндегі дін ұстанушыларды жалпы халықтың арасынан басқа дінді ұстанушылардың арасындағы толеранттылықты ортақ құндылықтарға қарай негіздей отырып біржақты  жолға қоюымыз керек. Ортақ құндылық дегеніміз не? Ондағы мақсат бүкіл дін өкілдеріне арналған ортақ құндылық бар. Ол- қоғамның тұрақтылығы. Қай дін өкілі болмасын барлығы оны сақтауға мүдделі. Қоғамдағы тазалық ол барлық дін өкіліне ортақ құндылық. Тіпті дінсіз адамдарға да қажет дүние. Мысалы ата-анаға құрмет. Ол ешбір дінге қарай өзгермеуі керек. Ортақ құндылықтарға кереғар келді ме демек, ол қоғамға да адамзатқа да зиянды ағым немесе түсінік. Сол үшін біз осы мәселеде мұқият болғанымыз жөн. Барлық діндер тоғысатын ортақ түсініктер болады. Осыған біз көңіл бөлсек, сонда ғана толеранттылықты түсіне аламыз. Ал жекелеген діннің кейбір мәселелерінде ондай келісім жүргізу қиын болады. Негізі дінде барлығы бір Құдайға сыйынады. Олардың өзіндік діни ерекшеліктері болады. Қоғамдағы ең маңызды нәрсе ол адами құндылық. Мысалы бір дін мен екінші діннің арасында кереғарлық дүниелер көп болуы мүмкін. Бірақ бірінші кезекте оған көңіл бөлінбеу керек. Мемлекетті дамыту үшін барлық діндер тоғысуы керек. Дін өкілі — өзінің дінін насихаттауы үшін оған тұрақты қоғам керек. Демек бүкіл дін өкілі оған мүдделі. Тұрақты қоғам — ол мемлекеттің тұрақтылығы. Ал тұрақсыз, соғыс болып жатқан қоғамда ешбір дін өмір сүре алмайды. Сондықтан барлығы осыған жұмыс жасауы керек. Сонымен қатар барлығы дамыған қоғамда өмір сүргісі келеді. Ал елді дамыту біздің қолымызда. Соған үлесімізді қосуымыз керек. Сол үшін   мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік тетіктері болса — ол үлкен руханият. Ал руханияттың өзегі ол — дін. Өйткені тарихтағы Мысыр, Грек, Рим, Ислам өркениеттердің негізгі іргетасы дінде қаланды. Сондықтан кез келген қоғамды дінсіз елестете алмаймыз. Сол  үшін діндердің арасындағы төзімділік, толеранттылық келісім қай кезде де болмасын өзінің маңыздылығын жоймайды. Бұл жерде біз тек қана даналықпен сарабдал саясатпен жұмыс жасайық өйткені халық көп нәрсені түсіне бермейді. Кейбірі еліктеушілікке, арандатушылыққа салынуы мүмкін. Бірақ бұл жерде дінді ғылыми негізде түсінгендердің барлығына дінаралық татулықты түсіндіруіміз керек. Біз зайырлы, демократиялық ел болғаннан кейін біздің зайырлы елде барлық діндер тең. Дегенмен тарихи статусы бар Ислам мен Православ діні бар. Оларға  белгілі бір деңгейде басымдық беріліп отырады. Ал басымдық танытатын діндер, азшылық танытатын  діндерге төзімділік танытқаны жөн. Ол мемлекетіміздің әрі қарай дамуы үшін өте қажет. Ал ол жағынан ғылыми- практикалық, теориялық іс-шаралар атқарылып жатыр. Біздің Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» кешегі «Ұлы даланың жеті қыры»  сынды мақаласында бірлік, ынтымақ, өзіміздің ұлттық кодымызды сақтай отырып  басқа  дін өкілдерімен де дұрыс қарым-қатынас орната білуіміз қажет екндігі көрсетілген. Сондықтан ұлттың бірлігі, мемлекеттің тыныштығы үшін дінаралық келісім өте маңызд. Бірақ ол құрғақ сөз болмауы керек, іс жүзінде біз мұны іске асыруымыз керек.

Мақпал Ноғайбаева

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң