Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«16 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Қамау мерзімі – 2022 жылдың 21 қазанына дейін», — деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.