jasqazaq.kz

Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» рақымшылық жасала ма?

27 қазан 2022, 12:52


Қаңтар оқиғасы бойынша 20-ға жуық адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Сенатта өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Бас прокурордың орынбасарынан қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар санатына кімдер жататынын, сондай-ақ Қайрат Құдайберген (кәсіпкер) мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің осы санатқа қатыстылығын сұрады.

«Бізде жалпы 20 шақты адамның әрекеті (қаңтар оқиғасы кезінде) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде қылмыстары сараланған. Оларға рақымшылық жасалмайды, тек қатысушылар рақымшылыққа ілігеді.

Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны шамамен 700 адам. Олардың бәріне рақымшылық жасалады, ал жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді», — деді Әсет Шындалиев.

Осы орайда ол Қайрат Құдайбергенге ұйымдастырушы айыбы тағылғанын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайрат Құдайберген Алматы оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.

Ал 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті