«Қаһарман» бүгінгінің батырларын дәріптейді

21 шiлде 2023, 17:17

Өткен жылғы қарашада ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал түсіріліп жатыр. Ол қыркүйекте көрсетіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің парақшасында жариялады.


«Соңғы жылдары елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқанын білесіздер. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда.
Сондай фильмнің бірі — қалтарыстағы қаһарманды, тасадағы тұлғаны, арамызда жүрген бүгінгінің батырларын арқау ететін “Қаhарман” атты телеөнім. Мемлекет басшысы тапсырғандай қарапайым еңбек адамын насихаттауды мақсат еткен телесериалдың басты кейіпкері — өткен жылы ғана тілсіз жаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин.


Алапат өрт кезінде опат болған батыр бауырымыздың бейнесін көрсететін, сол арқылы жалпы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жанқияр ерліктері һәм ерен еңбектерін шынайы суреттейтін телесериал нақты деректер арылы өрбиді.
Бүгін Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездестім.


Бұл жерге Асқардың жұбайы Әнел мен қыздары Әдия, Дамина да келген екен, олармен әңгімелестік. Әнел сериалдың сценариіне көңілі толатынын айтты.
Министрліктің қолдауымен “Bas production” компаниясы түсіріп жатқан сериал, бұйырса, қыркүйек айында “Astana” арнасынан көрсетіледі. Түсірілім тобына сәттілік тілейміз!»- деп жазды Дархан Қыдырәлі.
16 бөлімнен тұратын телесериал қыркүйекте «Астана» телеарнасынан көрсетіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды