Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Сирияда тұтқында болған әйелдер мен балалардың Ресейге қайтарылған видеосымен бөлісті. Бұл туралы bnews.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
«Құрметті достар! Шешенстан Республикасының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдеріндегі басшысының өкілі Зияд Сабсаби ресейлік әскери контингенті әскери полициясының және әскери қызметкерлерінің көмегімен жүргізетін Сириядағы Ресей азаматтарын іздеу және елге қайтару операциясы өз нәтижесін көрсетіп отыр. Жақында Грозныйға жеті әйел мен 14 бала қайтарылды. Бейсенбіде Ресейдің Хмеймим әуебазасына әкелінге аналар мен балаларға жұма күні үш әйел мен үш бала қосылды. Міне, біздің өкілдеріміз оларды алдымен Эфрин қаласынан Алеппоға, содан кейін Хмеймимге жеткізді. Ресей өз азаматтарын қиын жағдайда тастамайды», — деп жазды видеоның астына.