jasqazaq.kz

Қ. Бозымбаев: Төртінші зауыттың қайда салынатыны белгісіз

16 ақпан 2018, 14:29

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу көзделуде. Бұл туралы БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің есептік кездесуіне қатысқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. 

Министрдің сөзіне қарағанда, бұл осындай төртінші зауыт болмақ. Осыған байланысты жұмыс тобы құрылды. Инвесторларды тарта отырып, жол картасы әзірленді. Алдымен техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Соның негізінде қай өңірде салынатыны, қуаттылығы қандай, нендей өнімдер шығаратыны белгілі болады. «Қазір нақты айта алмаймыз. Ақтөбеде бола ма, Ақтау не Шымкентте салына ма, әзірге белгісіз. Негіздеме біткеннен кейін қазан-қарашада анықталады. Батыс Қазақстан облысына қатысты мәселеге келсек, Қарашығанақта «Конденсат» АҚ-ның қуаттылығы жылына 80 мың тоннадай өнім өндіретін жаңа зауыты бар. Алдағы екі-үш айдың ішінде дизель отынын шығаратын қондырғыны іске қосса, оны біз кестеге енгіземіз. Сол бағытқа мұнайды Атыраудан жіберетін боламыз. Сонда Батыс Қазақстан облысы да бензин, дизель отыны сынды өнімдермен қамтамасыз етілетін болады», –  деді Қ. Бозымбаев.

ҚазАқпарат

 

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды