

Бүгінгі үкімет отырысынында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев отырыстың күн тәртібінен бұрын, ең әуелі елдегі жанармай мен отын мәселесіне қатысты мәліметті сұрады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың есебіне қарағанда елдегі АИ-92 бензині 13 күнге жетеді.
Ал көмір қоры жеткілікті көрінеді. «Қабылданған шаралардың арқасында елімізде кешегі күні АИ-92 бензинінің жиынтық қалдығы 127 мың тонна болды. Бұл бірнеше күн бұрынғы көлемнен 10 мың тоннаға артық немесе қалған бензин мөлшері 13 күнге жетеді. Бұл елдің барлық өңірлерін сатылымда қандай да бір іркіліссіз толықтай қамтамасыз етуге жететін қалдық деңгейі», – деді Бозымбаев.
Сонымен қатар министр Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында АИ-92 бензинін өндіруді арттырғанын айтты.
Бейбіт Тоқтарбай
Астана