jasqazaq.kz

КешYou тобынан Сара Амангелді не себепті кетті?

12 желтоқсан 2017, 11:05

Ұжыммен жұмыс жасаудың қиындығын «Кешьюдің» қыздарынан артық ешкім білмейтін шығар. Бірде төрттік, енді бір қарасаң триоға айналады! Баян басқаратын ұжым жақында Сарамен қоштасқан еді. Өнерде тіл табыса алмаған арулардың, өмірдегі қазіргі қарым-қатынасы қалай?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Кешью» әуел бастан тыңдарманға трио болып танылған еді. Бүгінде белгілі гелзбенд, топ репертуарын үш дауыста қайта жазып шыққан.

“Ыңғайсыздық мүлдем жоқ, бірден үйреніп қалдық. Бәрі бірдей. Солай!” – дейді«KeshYOU» тобының әншісі Назым Әбілдина.

“Екі қызбен жұмыс істедім. Үш қызбен, төрт қызбен жұмыс істедім. Сондықтан, маған ол жаңадан келіп жатқан нәрсе емес. Амал жоқ, қанша болса да, бәрін жаттауға, бәріне үлгеруге тырысамыз”, – дейді топ солисі Элизат Берікова.

Бірақ, қыздар Сараның топқа сіңісе алмауының себебін сыр қылып сақтауда. Мәселен, Балжан мен Назым экс-әріптесімен жиі жүздеспейтін болса, Элизаттың әнші құрбысымен қарым-қатынасы жақсы. Өйткені, олардың достығы «Лашын» тобынан бастау алған-ды

“Екі күнде, үш күнде бір сөйлесіп тұрамыз телефон арқылы. Ол енді қанша группадан кетіп жатса да, өзіміздің арамызда достығымыз бар. Сондықтан, біз адам ретінде оны сыйлаймыз. Ол бізді сыйлайды. Сондықтан, ара-қатынасымыз бәрі жақсы”, – дейді Элизат.

Топтың музыкалық жетекшісі қыздардың ауысуын заңдылық санайды. Бірақ, құрамы жиі жаңаратын арулар ұжымы, бұл жолы жеке өмірдегі жаңалықтарын шетке ысырған секілді. Қыздардың бұл шешіміне Бағым ханым да қуанышты!

“Шынымды айтсам, мен әрдайым ұрысқақ әрі «Көкбет Баголя тәте» болудан шаршадым. Бір өкініштісі, қыздардың тұрмысқа шығатынын немесе жүкті екенін соңында естиміз. Әзірге, ешкімнің топтан кету туралы жоспары жоқ сияқты. Солай боларына сенемін!” – дейді топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова.

stan.kz

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң