jasqazaq.kz

Кеше байға тиіп, бүгін эксперт пе?

29 қыркүйек 2023, 19:38

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш “Бақытты әйелмін” атты курс сатып жатыр. Блогер қыз-келіншектерге күйеуінен қымбат сыйлық алудың жолдарын үйретіп, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөліспек.

Гүлзада Тұрлаш әлеуемттік желідегі парақшасында авторлық курсы туралы шағын ақпарат берді.

“Бақытты әйелмін” деп аталатын авторлық курсым 35 сабақтан және бірнеше модульден тұрады. Мұнда әйелдер қауымына пайлады тақырыптарды талқылаймыз. Мен сіздерге өзіңізді бағалауды, ер адамдармен қалай қарым-қатынас құруды және қалаған дүниеңізі күйеуіңізден сыйлыққа алуды үйретемін”, – деп қызықтырды блогер қыз-келіншектерді.

Желіде Қыран Талапбек сыйға тартқан қымбат көлікті көрсеткен ол өзін қарым-қатынас экспертімін деп таныстырды.

“Мына көлікті маған күйеуім үйленгеннен кейін бір айдан соң сыйға тартты. Ер азаматыңыздан әлемдегі ең керемет сыйлықтарды алғың келсе “Бақытты әйелмін” авторлық курсыма шақырамын. Бірге бақытты болайық”, – деп видео жариялады блогер.

Алайда енді ғана тұрмысқа шығып, бақытты болуға, күйеуінің ақшасын жұмасаудың жолын үйретемін деген Гүлзада Тұрлашты көпшілік сынап тастады.
“Сен әлі бақыттың қадіріне жеткен жоқсың”, “Кеше байға тиіп, бүгін эксперт пе?”, “Кеше ғана күйеуге шықты, бүгін ақылшы дейсің ғой. Осындай ақылшысымақтар көбейді”, “Жастай ажырасып, екінші рет күйеуге тиген 25 жастағы блогердің ақылын тыңдасақ біткен жеріміз осы шығар”, “Заңды тұрғыда мндай жарнамаларға тыйым салу керек”, “Инфосығандар”, “Мұндайлардың сөзіне сенетіндер де бар ма?”, “Бір байдан, екінші байға тиіп “эксперт” болып шыға келді”, – деп жарыса жазды желідегілер.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң