«Кентау келбеті» байқауы: дарынды жастар қала келбетін айшықтады

17 шiлде 2023, 15:26

Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Болашақ — жастардың қолында. Жастар арқылы елдің, жердің дамуына ерекше үлес қоса аламыз. Осы орайда Түркістан облысы Кентау қаласында белсенді жастармыздың қатысуымен «Кентау жастар форумы» өтті. Аталған шараның негізгі ұйымдастырушылары Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы». Ал форумды өткізу идеясының авторы — журналист Гүлжан Серік. Көрікті қаламыз Кентауда өткен форумның негізгі мақсаты – қаламыздың табиғатын, тыныс-тіршілігін, көрікті жерлерін, келбетін жастар арқылы көрсету және жастардың достық қарым қатынасын нығайту.

Форумның ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Форумға жалпы саны 100-ге жуық адам қатысса, форум аясындағы «Кентау келбеті» жобасында 60-қа жуық үміткер бақ сынады. Бір-бірінен озып тұрған қатысушылар 4 бағытта, нақтырақ айтқанда, мобилография, блогерлік, фотосурет, модельдік салаларынан сынға түсті.

Олар Кентау мен оның айналасындағы ауыл-аймақтарды аралап, керемет локацияларды көрсете отырып, әсем қаламыздың келбетін паш етуге тырысты. Фотосуретшілер модель арқылы қала бейнесін көрсетуге жұмыс істесе, блогерлер болып жатқан форум жайында, қаладағы көрікті жерлер жайында ақпаратты жазып та, айтып та жеткізді. Мобилографтар Кентауымыз жайында креативтік идеяға толы бейнероликтерді түсірді.
Форумға Алматы қаласынан арнайы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, елімізге белгілі фотограф Асылхан Әбдірайымұлы, Шымкент қаласының үздік мобилографы Есімхан Абдығаппар, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының топ 23 финалисі, Altyn models Turkistan агенттігінің моделі Назерке Батиханқызы, журналист һәм блогер Гүлжан Серік қонақ болып, форумға қатысушыларға шеберлік сағаттары мен семинар, дәрістерін өткізді.

Шеберлік сағаттарына қатысып шыққандар практикалық тапсырмалар орындап, қаламыздың көрікті жерлеріне аттанды.
Форум нәтижесінде «Үздік блогер» номинациясы бойынша 1-орынды Айжан Мұқан, 2-орынды Салтанат Бейсембиева, 3-орынды Мөлдір Бекеева, 4-орынды Арайлым Ермекбаева, «Үздік модель» номинациясы бойынша 1-орынды Аида Сыздықова, 2-орынды Арай Сауранбекова, 3-орынды Дәурен Дәрібаев, 4-орынды Талғат Ысқақов, ал «Үздік фотограф» номинациясы бойынша 1-орынды Мұхамедәлі Қойшыбаев, 2-орынды Ақерке Б ұрқан, 3-орынды Гүлім Әбдіқадырова, 4-орынды Қуанышбек Исмаилов, Үздік мобилограф» номинациясы бойынша 1-орынды Әли Ыдырысов, 2-орынды Ерсін Аманбай, 3-орынды Ерсін Нұрділдә, 4-орынды Дәулет Қаныбек иеленді.

Аталған шараға жастарымыз белсенділік танытып, Кентау қаласының көркеюіне, облысымыздың көрікті жерлерін таныстыруға ерекше ықыласпен кірісті. Байқау қатысушысы «Үздік фотограф» номинациясының жүлдегері Мұхамедәлі Қойшыбаев жастар форумынан алған әсерімен бөлісті.
«Осындай шаралар жиі ұйымдастырлса дейміз. Өйткені қазір ғаламтор арқылы кез келген істі пайдалы етуге болады. Біз сүйікті қаламыздың көрікті жерлерін, облысымыздың, ауыл-аймақтың сұлу табиғатын түсірдік. Өзімізге де бейтаныс жерлермен таныстық. Бір жағынан туризмді де дамытуға болады. Еліміздің әрбір бұрышы ерекше сұлу. Осы сұлулықты фотосурет арқылы көрсетуге тырыстық. Одан бөлек, бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды. Жаңа достар таптық. Тың идеялар туды. Меніңше, жастар арқылы қала келбетін айшықтай түсу байқауы сәтті өтті»,- деді ол.

Барлық марапат иелері қала әкімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ форумға қатысқан әр қатысушыға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Форум Ынтымақ алаңында гала-концертке жалғасып, қала әкімі Жандос Тасовтың құттықтауымен және марапаттауымен аяқталды.

Ерлан Бахытжанұлы,
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы
Суреттерді «Жастар ресурстық орталығы» ұсынды

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды