Желіде келін мен ененің «жекпе-жегі» жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жекпе-жек» түсірілген роликті жүргізуші, шоумен Фима Иванов Youtube хостингінде жариялады.
Ролик бір тәулікте 2000-нан аса қаралым жинаған. Роликте келін мен ене бір-біріне талап қояды. Келін енесі қойған талаптардың барлығына келіседі. Алайда келіннің қойған талаптарына енесі келіспей, үйлену тойынын болмайтынын айтады. Ал соңында «жекпе-жектің» жеңімпазы анықталады.