jasqazaq.kz

Келін мен ененің төбелесі елдің ашуына тиді (Видео)

29 маусым 2021, 12:31

Әлеуметтік желіде кішкентай балалардың көзінше айғайға басып, жаға жыртысқан келін мен ененің видеосы тарап кетті.

Бұл туралы Caravan.kz порталы «Caspiantodaykz» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары кішкентай балалардың көзінше дөрекі сөйлеп, кейін төбелесіп кеткен ене мен келінді сынға алды.
Видеодан келініне ұрсып, айғайға салып жатқан қайын енесін байқауға болады.

Ол келінін қайын атасына шай бермегені үшін және ұйықтағаны үшін айыптап жатыр. «Таңертеңнен бастап есіктің алдында кішкентай бала құсап тұрады атаң.

Жетіде тұрмайсың, сегізде тұрасың. «Келін тұр! Келін тұр!» деп бөлмеңнің алдында тұрады. Мұрныңнан қан кетіп жатыр ма? Үйден кет», — деп айғайға басты енесі.

Келіннің де жауабы дайын. Ол қашан тұрғысы келеді, сонда тұратынын айтып, жауап қайтарады. Осы аралықта видеоны түсіріп тұрған қайын атасы оларды жай ұрыспай, төбелесуге шақырған.

«Мұның бәріне екі бала қарап отырғаны ешкімді қынжылтпай ма? Бәрің жабайысыңдар ма?», «Келін ешкімге ештеңе міндетті емес. Екі әйелдің осы мәселені шеше алмағаны ма?», «Таңертең 7-де тұрасың дейді. Ол да адам емес пе?», «Камераға түсіріп алған атасында ми жоқ», «Ене де, келін де оңып тұрған жоқ», — деп жазды желі қолданушылары.

Бұл оқиға мен жанжалдың барлығын кереуеттегі екі кішкентай бала қарап отырған,

Ал енесі мен келіні төбелескенде балалардың бірі жылап бастайды.

https://www.instagram.com/p/CQnZB_mF5JL/?utm_source=ig_web_copy_link

19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда
18 маусым, 14:38
Түркістан: Төлеби ауданында тігін фабрикасы іске қосылады
18 маусым, 14:35
Түркістан: Сарыағаштағы кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі
18 маусым, 14:28
Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады
18 маусым, 14:23
Түркістан облысы мен қытай инвесторлары арасында 7 меморандум жасалды