Кейбір активтерді мемлекетке қайтару қаралды

17 шiлде 2023, 10:11

Премьер-Министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жиынға қатысқан ведомство басшылары жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады.
Премьер-Министр Ә.Смайылов құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. Үкімет басшысы аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес.
Сондай-ақ кеңесте Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы да қаралды.
Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің әбден тозығы жеткені атап өтілді. Осы ретте жөндеу жұмыстары жүргізілмейді әрі апаттық бригадалар тапшы. Жалпы тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз өшіп қалуына, электр қуатының тапшылығына, кері байланыстың толық болмауына және тағы басқа мәселелер бойынша шағымдар айтуда.
Әлихан Смайылов кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды талдау және қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға беруді тапсырды.
Сондай-ақ кеңес барысында теміржол көлігі саласында да бірқатар монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды