jasqazaq.kz

Катар азаматтары әуежайда 29 сұңқарды заңсыз алып кетпек болған

24 қазан 2017, 13:05

Қазақстандық шекарашылар 29 сұңқар құсын елден алып шықпақ болған катарлықтардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы» Халықаралық әуежайының өткізу пунктінде шекарашылар «Доха — Алматы» рейсімен ұшпақ болған Катардың екі азаматын ұстады. Шетелдіктер құстарды тиісті құжаттарсыз алып өтпек болған. Көлік құралын және жүктерді қосымша тексеру кезінде қазақстандық шекарашылар жүктің тіркелгендігі туралы биркалар мен пломба салынбаған 15 ағаш жәшікті анықтады. Олардың ішінен жойылудың аз-ақ алдында тұрған 29 сұңқар құсы табылды. Ұстау фактісі бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының және тиісті құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабар берілді. Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Ресей азаматы шекара арқылы 12 көгершінді рұқсаттама құжатынсыз әкетпек болған жерінен ұсталған болатын.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс