Төтенше жағдайлар министрлігі алапат өртке әуеден барлау жасады. Қазір шамамен 400 шаршы метр алаңда екі жерде қамыс ашық отпен жанып жатса, 1 га алаңда қамыстың бір ошағы бықсып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына таралған жоқ.
Сөндіру жұмыстарын жүргізген сәттен бастап су ағызу құрылғысы бар ТЖМ МИ-8 тікұшағы 33 рет жалын ошағына су шашты.
«Шамамен аумағы 400 шаршы метр болатын қамыстың ашық отпен жанып жатқан бір ошағы сөндірілді. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр» делінген хабарламада.