jasqazaq.kz

Каспий теңізінде заңсыз балық аулағандар ұсталды

07 қараша 2017, 15:04

Теңіздегі шекарашылар «Байда» жүзу құралына мінген Дағыстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды 24.kz.

Олар Каспий теңізіндегі Қазақстанға тиесілі аумаққа заңсыз кіріп, балық аулаған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, браконьерлік пиғылдағы азаматтардан екі итбалық пен бағалы балықтардың ірі партиясы тәркіленді. «Семсер» кемесінің экипажы «Байданы» байқап қалып, соңдарына түскен. Дабылға тоқтамай, бұйрыққа бағынбағандарды әуеге оқ атып, тәртіпке шақырған. Су көлігінің қозғалтқышы да көзделді. Ендігі нысана өздері екенін сезген заңбұзушылар еріксіз шекарашыларға берілді. Тексеру кезінде Ресей азаматтарынан бекіре тұқымдас 100 балық, салмағы центнер тартатын ақбалық және екі итбалық табылды. Бір жарым қапқа салынған құрал-жабдықтар да тізімделді. Қару қолдану кезінде оққа ұшқандар жоқ. Құқық қорғау құрылымдарына ақпар берілді. Қазір заңсыз балық аулағандарға қатысты тергеу жүріп жатыр.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы