jasqazaq.kz

Каспий мұнай құбыр желісінен тағы да ақау шықты

22 тамыз 2022, 15:27


Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.

«Каспий құбыр консорциумы» екі шығарылатын айлақ қондырғысынан (ШАҚ ) мұнай жөнелтуді тоқтатқанын растайды. Жабдықта жарықшақатар табылған», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«2022 жылғы тамызда екі шығарылатын айлақ құрылғысы жабдықтарының кешеніне техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде су асты түтіктерін жүзу танктеріне бекіту тораптарында жарықшақтар анықталды. Халыққа және қоршаған ортаға төніп тұрған қауіп жоқ, өйткені жабдықтың саңылауы сақталып, мұнай төгілген жоқ», — делінген Каспий құбыр консорциумы хабарламасында.
Табылған жарықшақтарға байланысты КҚК айлақ құрылғысы өндірушісі – IMODCO компаниясына, сондай-ақ құрылғылардың қауіпсіздігін бақылайтын ABS жіктеу қоғамына кеңес алуға жүгінді.

«Бұл ұйымдар жүзу танктерін ауыстырғанға дейін ШАҚ пайдалануды тоқтата тұруды ұсынды», – деп хабарлады компаниядан.

Жалпы Қазақстан мұнайының басым бөлігі экспортталатын Каспий құбыр желісінің жұмысының тоқтауы биылға бірінші рет емес.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті