jasqazaq.kz

Кәсіпкерге — қызмет

13 қараша 2017, 14:39

Талдықорған қаласында алғашқы рет толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) ашылды. Ашылу салтанаты Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Орталық «Даму» қорындағы КҚКО мен облыстық Кәсіпкерлер палатасының негізінде құрылып, жаңадан салынған Көрме павильоны ғимаратында орналасты.

«Бұған дейін көрмелер, форумдар және басқа да ірі шараларды өткізетін орын болмады. Сондықтан біз Көрме павильонының құрылысын бастадық. Енді бұл жерде аталған іс-шаралардың барлығын ұйымдастыратын боламыз. Сонымен бірге, орталықта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы жұмыс атқарады. Аймақ кәсіпкерлері үшін барлық қажетті қызмет ұсынылады», — деп атап өтті облыс басшысы Амандық Баталов.

КҚКО-да сегіз түрлі қызмет көрсетіледі. Олар — бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілік жасау; кедендік рәсімдер; кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу; заңгерлік қызметтері; маркетинг қызметтері; ақпараттық технологияларға қызмет көрсету; мемлекеттік сатып алу мәселелері; мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы кеңестер. Сондай-ақ, «Даму» қорының мамандары бизнес өкілдеріне кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңес береді,  бастапқы бизнеске сүйемелдеу мен жобаларды «Даму» қорының қаржы құралдары бойынша қолдау жүргізеді.

Орталықта кәсіпкерлік, жер қатынастары, мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылауы бөлімдері және табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері де қызмет көрсететін болады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов «КҚКО бір терезе қағидасы бойынша жұмыс атқарады. Осы орталықта кәсіпкерлерге бизнес-жоспар әзірлейді, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестер, мемлекеттік мекемелер өз қызметін ұсынатын болады. Кәсіпкерлерге барлық қызмет түрі көрсетіледі. Ендігі таңда атал5ан КҚКО-ны Қапшағай мен Қаскелең қалаларында ашуды жоспарлап отырмыз», — дейді.

Айта кетейік, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнес мектеп» компонентінің «Бизнес кеңесші», «Бизнес Өсу», «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып жобалық оқыту», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша оқыту семинарлары өткізілетін болады.

Алия Кемелбекова

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы