jasqazaq.kz

Кәсіпкер: Салық төлемесең, жалдамалы жұмысқа бар

17 ақпан 2025, 19:23

Қарағандыдағы Сарыарқа халықаралық әуежайының басшысы, кәсіпкер Ерлан Оспанов салық реформасын «бірыңғай ережелердің қайта жүйеленуі» деп санайтынын айтты.

Оның пікірінше, шекті мөлшердің 15 млн теңгеге дейін төмендеуі қазіргі 100 мың ҚҚС төлеушіге тағы 300 мыңын қосады.

«Бұл дұрыс па? Меніңше, иә. Үлкен бизнес өз ісімен айналыссын. Олардың қаржылық деректермен манипуляция жасауы іс жүзінде мүмкін емес. Бұл тұрғыда Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық жүйелері ешкімді назардан тыс қалдырмайды. Үй жанындағы дүкендер мен үйде тігін тігетіндер сияқты шағын және микробизнеске ҚҚС әсер етпейді. Олар үшін арнайы режим бар және ол сақталады», — дейді ол.

Кафэ мен мейрамханалар, бөлшек сауда орындары мен қонақ үйлер, сондай-ақ айналымы екі млрд теңгеден асатын түрлі сервистік қызметтер 4% бөлшек салық төлейтін болады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар бұл мөлшерлемені екі есе төмендете алады.

«Ондай бизнес субъектілері бұрын ҚҚС төлемеген, әрі төлемейді. Сондықтан, көбі айтып жүргендей, бағаны көтерудің қажеті жоқ. Қоғамдық пікірді манипуляциялағысы келетіндерге айтарым: сенбеймін. Қазір кірісі 78 млн теңгеден көп табатын бизнес иелері өз кәсіпорындарын қалай бөліп-бөліп тастайтынын білемін. Реформа дәл осындай бизнесмендер үшін жүргізіліп жатыр. Салық төлеу бәрімізге ортақ міндет. Егер қаламасаң (немесе төлеуге шамаң жетпесе) – жалдамалы жұмысқа бар», — деді кәсіпкер.

Е.Оспанов ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуі өз бизнесіне де әсер ететінін мойындайды. Бірақ бағаны көтеретіндер – тауарды көлеңкелі жолмен әкеліп, саудалап жүргендер.

«Алайда мен үшін бұл әлдеқайда жақсы, өйткені әділетсіз бәсекелестік төмендейді. Мен бұл реформаны «салық жүктемесінің артуы» емес, бірыңғай ережелердің қайта жүйеленуі деп бағалаймын. Баға көтеріледі деп жүргендер, сірә, қойманы жеңілдікпен босатудың және айналым капиталынан айырылудың не екенін білмейтін шығар. Олар бәсекелестіктің не екенін әлі түсінбейтін сияқты», — дейді ол.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков микробизнес пен шағын бизнесті ҚҚС төлеуден толық босату мүмкін екенін айтқан еді.

Сурет: wikipedia.org

 

 

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк