Жол талғамайтын көлік жүргізушісі Ақтөбеде газ толы цистернаға соғысып, өзін-өзі өлтірмекші болды, — деп хабарлайды «Актобе Таймс» сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.
Портал мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған.
«Таңғы 05:20-да KNPS газ толтыру станциясына Toyota Hilux автокөлігі соғылған. Көлік тізгінінде Ақтөбеде танымал 39 жастағы кәсіпкер алдын ала нұсқа бойынша цистернаға қасақана соғысқан. Ол газ толы цистернаны соғып, жарылыс ұйымдастырып, өзін-өзі өлтірмекші болды. Алайда газ жарылмады. Сол кезде ер адам қолына пышақ алып, ішіне салған», — деп жазады басылым.
Дереккөз мәліметінше, кәсіпкер көптеген жарақатарымен аурухананың хирургия бөліміне түскен. Оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын тергеушілер анықтап жатыр.