jasqazaq.kz

Кәрімбек Құрманәлиев: Ұлттық құрылтайдың маңызы зор

11 қыркүйек 2024, 15:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық құрылтай құрылып, бүгінде құрылтай алаңы мемлекетіміздің ең маңызды мәселелерін талқылайтын алаңға айналды. Jasqazaq.kz тілшісі Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиевпен арнайы сұхбаттасып, Ұлттық құрылтай көтерген мәселелер жайында әңгімелесті.

— Кәрімбек Арыстанбекұлы, Қоғамдық институттар арасында Ұлттық құрылтайдың алар орны қандай? Ұлттық құрылтайдың жүріп өткен жолы туралы айтып берсеңіз.

— Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өткенін жалпы жұртшылық жақсы біледі. Содан соң өткен жылы 2023 жаз айында киелі Түркістанда өтсе, биыл Наурыз мейрамы қарсаңында Атырауда III Ұлттық құрылтайдың отырысы өткені белгілі.Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде, Ұлттық құрылтай институты халықты ортақ мақсатқа үндейтін, қоғамдық диалогты нығайтуды көздейтін консультативті-кеңесші орган екенін ерекше атап өткім келеді. Құрылтайдың әр отырысында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мемлекеттік маңызы зор мәселе екенін анық аңғаруға болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайда көтерген бастамалары халықтық қолдауға ие болып, жүзеге асырылып жатқанын айтқанымыз абзал.

— Ұлттық құрылтайдың мемлекет пен қоғамды дамытуға арналған маңызды ұсыныстарының қайсысын айрықша атап өтер едіңіз?

— Құрылтайдың ғылым-білім, тіл саясаты бойынша спикері ретінде, осы бағыттар саласында іске асып жатқан бастамаларды атап өткеніміз орынды сияқты.
«Ғылым мен білімді екінші орынға қойған ел, ешқашан ешбір салада бірінші орынға көтеріле алмайды» деген әлемдік қалыптасқан қағиданы қаперіне ұстаған Президент, ғылымды дамыту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Ол мәселелер де өз шешімін тауып жатыр. Атап айтсақ, Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жұмыс істеуде. Президенттің өзі төрағалық ететін Ғылым және технологиялық саясатты дамыту кеңесі де екі-үш отырысын өткізіп те үлгерді. Ғылымды дамытудың басым бағыттары бағамдалып және Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелеріне президенттік стипендия төлене бастады. Бұдан басқа да игі бастамалар қолға алынып жатыр.

Құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерге арналған «Айбын» орденінің түрлі дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атау туралы тапсырмасы да орындалып, оған байланысты Президенттің Жарлығы жарияланды. Өз кезегінде бұл бастама — ұлтымыздың қаhарман ұлдарын ұлықтау арқылы жастарды ерлікке, отаншылдыққа баулуда зор әсер етері сөзсіз. Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңіру маңыздылығына үлкен мән беріп отыр. «Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды» деген Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасын ұсынған болатын.

Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық пен Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық — басты ұлттық құндылықтар ретінде аталып, осыларды жастар бойына сіңіргенде ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру мүмкіндігі болатынын тілге тиек еткен еді.
Халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналып, Әділетті Қазақстанды құруда Ұлттық құрылтайдың маңызы зор екенінін жеткізгім келеді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы

05 маусым, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
05 маусым, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
05 маусым, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
05 маусым, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр