jasqazaq.kz

«Канело» тайқып кетсе Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

25 қазан 2017, 10:52

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш туралы келіссөздер өтпей қалған жағдайда кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Таяуда Головкиннің промоутері Том Леффлермен және бапкері Абель Санчеспен Далласқа аттанған белгілі болған. Сапардың мақсаты — «келесі жекпе-жек орнын көру». Мұның Головкин діттеген қосымша жоспар ма немесе «Канеломен» 5 мамырда өткізетін негізгі орын ба — әзірге белгісіз. «Егер Головкин «Канеломен» Техаста жұдырықтаспайтын болса, бұл орын WBC бойынша міндетті үміткер Джермалла Чарломен (26-0, 20 КО) кездесуге тамаша мүмкіндік. Ол Техастан шыққан, Хьюстонда тұрады. Чарло — Техаста өте танымал. Головкин мен Чарлоның Техастағы жекпе-жегі «Канеломен» өткізген кездесуден де мықты болуы мүмкін, себебі Чарло ірілеу, күші көп және шабуылдаушы. Оның үстіне Головкин Чарлоны «Канелодай» қуып жүрмейді. Жекпе-жек 12 раундқа дейін де созылмайтын еді. Немесе Чарло нокаутқа түседі, немесе Голокин. Бұл Головкинді нокаут жайлы ойландыратын кездесу болар еді. Чарло Головкинді жеңу үшін соңына дейін шыдап бағатынына сенімдімін», — деді шолушы.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс