jasqazaq.kz

«Канело» Головкинмен өткен жекпе-жектен кейін ота жасатқан болып шықты

22 қараша 2017, 10:09

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйекте Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жектен соң ота жасатқан, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Сол кездесу тең аяқталып, қазақстандық боксшы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалған еді. Жекпе-жекке мексикалық боксшы америкалық брендтің қолғабын киіп шыққан, ал бұған дейін ол мексикалық брендті таңдап келген. «Канелоның» қолғабын кию кезінде арнайы көбік себіледі, ол қосымша қорғаныс береді. Осы тауар әлемдегі үздіктер қатарында. Дереккөз мәліметінше, Альварес жарақатты жаттығу лагерінде алғаны анықталды, ал жекпе-жектен соң оның қолына ота жасалып, оң қолынан бөлшек сүйегін алып тастаған. Мұндай ота жасалғаннан кейін кемінде алты апта жұдырықтасуға тыйым салынады екен. Compubox статистикасына сәйкес, сол жекпе-жекте Альварес 505 соққы жұмсаған, оның 169-ы дәл тиген. Екі компонент бойынша Головкин басымдық танытты — 703 соққы, оның 218-і дөп тиген. Сондай-ақ бұл Альварестің қолындағы бірінші жарақаты емес. 2016 жылы қыркүйекте ол Лиам Смитті нокаутқа түсірді, алайда ол бас бармағын сындырып алды. Сол жекпе-жек мексикалық үшін бірінші орта салмақтағы ең соңғы кездесу еді. Содан кейін ол тек сегіз ай өтті дегенде ғана шаршы алаңға қайтып оралды. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда не қыркүйекте шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті