jasqazaq.kz

К.Ормантаев: Елімізде дәрі-дәрмек өндіретін зауыт жоқ

03 қараша 2016, 18:22

apteka

Біз тұтынып жүрген дәрі-дәрмектің көбі – шет ел өнімдері. «Қазақстанда өндіріледі» деген аты бар фармацевтикалық дәрілердің өзі шығарушы елдегі патент пен рецепт бойынша таратылады. Бұл туралы «ҚР дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбындағы конференцияда айтылды.

Конференция барысында еліміздегі фармацевтикалық сектор дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар, отандық және шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілердің өкілдері қатысты.

«Егер бір адам қабылдаған дәріден зардап шексе, оған кінәлі алдымен өндіруші, содан кейін сол дәріні қабылдауға рұқсат берген дәрігерлер. Біз енді дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан химиялық препараттарды өндіру жағы әзірше кенжелеп жатыр. Шет елден келген дәрілерді тұтынамыз. Бізде дәрілерді өздері жасап өндіретін зауыт жоқ. Болашақта елімізде химик мамандармен қосылып ғылыми зерттеу институт жасаса, үлкен жетістік болар еді. Көп ел өз дәрілерін тұтынады. Біз де сол деңгейге жетсек дейміз», — деп айтты ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Камал Ормантаев.

Бүгінгі таңда елімізде қабылдауға рұқсат берілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 14 мыңнан астам түрі тізімде бар. Соңғы 10 жылда Қазақстандағы фармацевтика нарығының көлемі 3 есе ұлғайған.

bnews.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету