jasqazaq.kz

Күйеуі алимент төлемейтін келіншекке бюджеттен де көмек жоқ

31 қазан 2016, 22:32

bala

Елімізде күйеулерінен алиментін ала алмай жүрген келіншектерге бюджеттен жәрдемақы төленбейтін болды. Бүгін Үкімет алимент қорын құру туралы депутаттардың ұсынысын қабылдамай тастады.

Шенеуніктердің бас тартуына қаржы тапшылығы себеп екен. Өйткені қор құру үшін бюджеттің миллиондары қажет. Ал, қаржы нарығындағы қиын жағдай кезінде ұл-қыздарға әкесі үшін ақша төлеу қазынаға ауыр тиеді дейді Үкіметтегілер. Сондықтан бұл бастама қолдау таппаған. Айта кетейік, жақында Мәжіліс депутаттары мемлекеттік алимент қорын құрып, жалғызбасты әйелдерге көмек көрсету қажет деген. Сөйтіп, бала-шағасын тастай қашқан безбүйрек әкелерден алиментті Үкіметтің өзі өндіріп, қазынадан алынған ақшаның орнын толтырып отыруды ұсынған болатын.

Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты:

Үкіметтің мұндай ұсыныстан бас тартқанын түсінбедім. Оның үстіне алимент төлей алмай жүрген әкелерді жұмысқа орналастыруға да көмектескісі келмейді. Жұмыс жоқ, алиментті қалай төлейді? 

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету