jasqazaq.kz

Әйгілі сәнгер Лилия Рах 7 жылға сотталды

10 қараша 2016, 16:56

snimok

Бүгін Алмалы аудандық сотында белгілі кәсіпкер Лилия Рах пен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.

ҚазАқпарат хабарлағандай адам ұрлады деп айыпталған Лилия Рах 7 жылға, Мири Паз 7,5 жылға, Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев 8 жылға жеке мүлкі тәркілене отырып сотталды. Айта кетейік, жарыссөзде Лиля Рахқа мемлекеттік айыптаушы Әлия Қаисова 7 жыл 6 ай жеке мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сонымен қатар, прокурор «Рах ісі» бойынша сотталушылардың бірі Мири Пазды жеке мүлкін тәркілей отырып, жалпы режімдегі колонияда 8 жыл 6 ай жазасы өтеуді, Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, апта соңында өткен сот отырысында айыпталушылар: Ислам Мисиров пен Бақыт Шалбаев іске қатысты жауап беріп, жәбірленуші Хамро Сувановпен мәмілеге келгенін айтқан болатын. Еске сала кетейік, Хамро Суванов сот талқылауында Лилия Рахты кешіргенін, онымен бас араздығы болмағанын айтып, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған. Лилия Рахтың авдокаты қорғауындағы азаматшаның уақытша тергеу абақтысында денсаулығы нашарлауына байланысты оны қамауда ұстау туралы сот қаулысын үй қамаққа ауыстыру немесе кепілдік арқылы босату туралы сотқа өтінім берген. Алайда, сот Лилия Рахты уақытша тергеу абақтысында ұсауды мерзімін желтоқсан айына дейін ұзартқан еді.

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады