jasqazaq.kz

Израиль парламентінде азан шақырды (видео)

17 қараша 2016, 16:12

snimok

Израиль парламентінде(Knesset) ел аумағында дауыс зорайтқыштармен азан айтылуына тыйым салатын заң талқыланды.

Заңға қарсы шыққан израильдік депутат мінберден азан шақырды

nur.kz хабарлағандай, бұған байланысты депутат Әбу Арар парламент мінберіне шығып, жұрт оны сөз сөйлейді деп күткенде кенеттен азан шақырды.

Бұған дейін Кнессет азанды дауыс зорайтқыштармен айтуға болмайды деген заңды қабылдап мәжіліске жіберген. Алайда діндәр Yahudot HaTora (Бірлескен Тәурат) партиясының қарсылығымен заң дауысқа салынбай кейінге қалған.

Израиль Кнессеті бұл мәселенің талқыға салынуына «азан даусы шу шығарады» деген сылтауды себеп қылып отыр. Аталған талқылауға өз қарсылығын азан оқу арқылы білдірген Әбу Арарды қалған депутаттар сөгістің астына алды.

Израильдің бұндай заң арқылы мешіттерден азан оқытпауға тырысуы Палестина мен басқа да мұсылман мемлекеттердің қарсылығына ұшырап отыр.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік