jasqazaq.kz

Іздеу салынған ерлі-зайыптылардың бес баласын мемлекет қамқорлығына алды

03 ақпан, 12:28

Атырау облысы Қызылқоға ауылында бір отбасы мүшелерінің жоғалып, артынша ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі өз ауласынан табылған болатын. Ұл-қызы және күйеу баласынан әлі күнге дейін хабар жоқ. Іздеу жарияланған Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсенәлиевтің бес баласы бар. Оларды осы кезге дейін күдікті деп танылған Сәрсенәлиевтің анасына қарап отырғаны белгілі.

Атырау облысы білім басқармасының хабарлауынша, 2 ақпанда полициядан балаларға қатысты шұғыл шара қабылдау жөніндегі өтініш түскен. Онда кәмелетке толмаған бес баланы мемлекет қорғауына алу жөнінде айтылған.

Осыған орай, Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен үш бала уақытша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Үш және бір жастағы екі бала денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйіне жіберілді.

Басқарма хабарлағандай, қазір балалардың жағдайы бақылауда. Олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес