Италияның Lazzarini Design дизайн-бюросы ұшатын автомобильдің үлгісін көрсетті. Көліктің дизайны өткен ғасырдың 30-шы жылдарын еске түсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бюро басшысы Пьерпаоло Лаззарини футуристикалық көлік құралын жасауға маманданған. Ол ұшатын машиналарды Hover Coupe-те жасап шығарған.
Машинана дөңгелегінің орнына шағын төрт турбореактивті қозғалтқыш орнатылған.
Ол компанияның «Өткеніңді ұмытпай, болашағыңды ойла» деген ұранымен жасалған.
Автомобиль ісінің жетік мамандары бұл көлікті өткен ғасырдың 30-шы жылдары жарық көрген Isotta Fraschini Tipo 8B машинасының сыртқы үлгісіне ұқсастырып жасаған.
Оның салоны төрт адамға есептелген, қозғалтқыштың қуаттылығы 550 км/сағатқа дейін жетеді.