jasqazaq.kz

Италия көмірден бас тартуы мүмкін (видео)

15 қараша 2017, 17:43

Италия көмірден бас тартуға дайын. 2025-інші жылға қарай отынның бұл түрін электр қуатының жаңартылған көздері алмастыруы тиіс. Тіпті Римде ұлттық энергетикалық стратегияның жаңа үлгісі құрастырылып қойды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Енді бұл құжаттың күшімен Италия қанша шығынға батса да, алдағы 10 жылда ауаға тарайтын көмірқышқыл газын едәуір қысқартуға міндет алады. Қазір Аппенин түбегінде 11 электр станциясы көмір отынын қолданады. Олар елге қажет энергияның 16%-ын өндіріп, ауаға 40 миллион тонна көмірқышқыл газын бөліп жатыр. Яғни бұл өндіріс қалдықтарының 40%-ын құрайды. Дегенмен, ең «лас» көмірден бас тарту үшін алдымен орнын алмастыратын отын табу қажет. Сондықтан үкімет жаңа стратегия бойынша электр қуатын өндіру ісінде газдың үлесін арттырып, жаңартылған көздерді тартады. 2030 жылға қарай оның үлесі 55%-ға жетуі керек. Қоршаған ортаны қорғау министрінің айтуынша, Рим қазірден-ақ айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Джан Лука Галлетти, Италияның қоршаған ортаны қорғау министрі: — Бүгінде Еуропа бойынша ең ұтымды энергетикалық кешендердің бірі бізде екендігін айта кеткім келеді. Мәселен, Германияда энергетикалық сектордың басым бөлігін көмір отыны алады. Ал Франция электр энергиясын атом электр стансасынан шығарады. Бүгінде олар атомдық энергетикадан бас тарту үшін көптеген қиындыққа тап болды. Мұны министр экология мен энергетика саласында революция деп атады. 90-жылдардың басында Италия көмірқышқыл газын 39%-ға қысқартуға міндеттелген еді. Қазір мемлекет инфақұрылым мен энергетикалық сектордың өсіміне 175 миллиард еуро бөлуге дайын. Айта кету керек, Еуроодақ елдерінің басым бөлігі көмірді қолданыстан шығаруға барынша талпынып келеді. Ал Бельгия бұл отыннан әлдеқашан бас тартып үлгерген.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы