jasqazaq.kz

Италия құрамасы футболдан алғаш рет әлемдік біріншілікке өте алмай қалды

14 қараша 2017, 10:53


Италияның футбол құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама ала алмай қалды. Ұпай сандарын есептегенде Швеция құрамасы одан асып түсті, деп хабарлайды Baq.kz .

Жауапты кездесу кеше Миланда өтті. Ойында екі құрама тең түсті, есеп 0:0. Ал, 10 қарашада Стокгольмде өткен ойында шведтер 1:0 есебімен басым түскен.

Осылайша, Италия құрамасы – әлемнің төрт дүркін чемпионы 1958 жылдан бері алғаш рет әлемдік біріншілікке өте алмай қалды. Ресейдегі турнирге Швеция командасы қатысады.

Еуропадан әлем чемпионатына қатысатын соңғы құрама бүгін анықталады. Ирландия құрамасы өз алаңында Дания футболшыларын қабылдайды. Алғашқы кездесуі 0:0 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымынан 15 шілдесіне дейін Ресейдің 11 қаласында: Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Төменгі Новгород, Қазан, Сочи, Ростов-на Дону, Саран, Волгоград, Калининград және Екатеринбургта 12 стадионда өтеді.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы