jasqazaq.kz

ІТ-технопаркі – болашаққа бастар жол

09 қараша 2017, 10:30

        «Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырамын. Ол әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек». Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтты.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аяқталғанына  да екі айға жуық уақыт болды. Дегенмен елімізде халықаралық көрмені өткіземіз деп айтылған күннен бастап «Жаңадан бой көтеретін зәулім сарайлар бос қала ма? Ол нысандар ел игілігі үшін қызмет ете ме?» — деген сарында сауалдар туындады. Енді соған нақты деректермен жауап беретін кез келді. Елбасы халықаралық көрмесінің салтанатты жабылуында  ЭКСПО инфрақұрылымын кейін қалай пайдаланатынымызды айтып берді. Мемлекет басшысы «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс» — деді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құруға арналған жобаларға тоқталды. «ЭКСПО» көрме кешені толығымен инновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрі қызмет ететін болады. Баршаңызды жаңа орталықтардың жұмысына белсенді атсалысуға шақырамын, – деді Н.Назарбаев. ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі елімізге ІТ-индустриясы саласының мамандары мен инвесторларын тартуға мүмкіндік жасамақ. Сондай-ақ бұл технопарк Орталық Азиядағы жоғары технологиялардың генераторы бола алады. Елбасы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Осыған орай, үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады» — деген еді. Мінекей еліміз осындай технопарк құру арқылы маңызды мәселередің түйінін шешпек. Оның үстіне қазірдің өзінде тың идеяларымен тек елімізде емес, өзге елдерге танылған өнерпаздарымызға осындай орталық құрып беру орынды шешім болмақ. Бүгінде білім және ғылым министрлігі және «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ бірлесіп көрме аумағында технопарк құру бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірге отандық және шетелдік инвесторларды экономиканың жоғары технологиялық салаларына тарту үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе бастады.  Жұмыс барысында акселератор компаниясы, инкубатор және инвестициялаудың еншілес қоры секілді құралдарды қамту жоспарланған. Акселератор компаниясының мақсаты мен міндеті стартап-жобаларға көмек көрсету және оларды ілгерілету болса, инкубаторлар толыққанды жобаларға көшу идеясына қолдау көрсетуге бағытталады. Технопарктің ашылуы келер жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.

Елдос Өмірзақ

 

 

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы