jasqazaq.kz

Ішімдікке тойып алған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты

13 маусым 2018, 11:49


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Таш-Құмыр қаласында ішімдікке сылқия тойып алған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты.

Бұл туралы «Кабар» агенттігі Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық орталыққа (ААҰО) сілтеме жасап хабарлады. Мәлім етілгендей, ААҰО-ға Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімінде 24 сарбаз соққыға жығылғаны туралы ақпарат түскен. «Бізге ақпарат түскеннен кейін, мән-жайды анықтау үшін өкілімізді жібердік. Солдаттардың сөзінен белгілі болғандай, 10 маусым күні таңғы сағат 5-те ішімдікке тойып алған прапорщик кіріп келіп, сарбаздарға әлімжеттік көрсете бастаған — денелерін жерге тигізіп, көтерткен, жатқызып қойып ұрған, соққылар жасаған», — деді орталық директоры Нурдин Сулайманов. 9 әскери қызметшінің иегінің асты жыртылған. Олардың кейбіріне тігістер салу қажет болған. Прапорщик 48 сағатқа қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның тергеп-тексерілуін Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі өз бақылауына алды.

ҚазАқпарат

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды