Ирак өкілі 45 жылдан кейін алғаш рет «Әлем аруы» байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 қарашада Лас-Вегаста өтетін байқауға Ирактан 27 жастағы ару Сара Айдан барады.
Ол Бағдаттағы арулар байқауында екінші орынды иемденген болатын. Байқау жеңімпазы отбасылы келіншек болғандықтан, АҚШ-тағы әлемдік байқауға қатысу құқығы Айданға берілді.