jasqazaq.kz

Интернеттегі белсенділік

29 шiлде 2016, 16:22

DSC_5446

Алматыда осы аптада көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер талқыланды. Елімізде азаматтық қоғам қалыптасты ма? Қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік желідегі рөлі қандай? Атышулы оқиғаларға қоғамдық ұйымдардың көзқарасы қандай дәрежеде? Осы және өзге де сауалдың жауабын жиынға қатысқан мамандар іздеп көрді. Бұл шараның өтуіне «Коммуникативті бастамалар мен стратегиялар» қоры мен «Жас қазақ» ұлттық апталығы ұйтқы болды. Бас серіктес – Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Шара барысында айтылған кейбір пікірлермен бөлісуді жөн санадық. 

DSC_5860Айдос Сарым, саясаттанушы:

«Әлеуметтік желіге шектен тыс құмарту мәселені шешпейді. Толғандыратын мәселе шықса, халық оған лайк басады, бөліседі, пікір жазады. Осымен іс бітеді. Мәселе осылай ұмытылады, шешілмей қалуы да мүмкін. Қоғамдық мәселені шешуге ықпал ету үшін онлайн емес, оффлайн тетіктер де керек»

 

 

 

 

 

DSC_5703Данияр Әшімбаев, саясаткер:
«Бұқаралық ақпарат құралдары санаулы адамның пікірін көпшілікке теліп қояды. Қазақстандықтар наразы», «тұрғындар анаумен келіспейді, мынаған көңілдері толмайды» деген сарындағы тақырыптар қаптап кетті. Әлеуметтік желіге бір адам жазба қалдырды. Үш адам бірдеңе жазады. Соны алып, қазақстандық қоғам солай айтыпты деуден жалықпаймыз. БАҚ автоматты түрде фейсбук желісінің таратушысына айналып болды. Қоғамда пікірлер көшбасшысы деген жоқ».

 

 

 

DSC_5172Қанат Әуесбай, журналист, публицист:

«Таяуда ғана газ баллонын жарамын деп, баспана мәселесін алға тартқан астаналық отағасының жанайқайы қауіпті тенден­цияға айналуы мүмкін. Бір жағынан, ресми құрылымдарды жағалай-жағалай, амал жоқтан осы әрекетке барған сияқты»

 

 

 

 

DSC_2012Шавкат Сабиров, Қазақстан интернет қауымдастығының президенті:

«Ғаламтор бетінде қазақтілді пайдаланушылар саны жыл санап көбейе түсуде. Осыдан 4-5 жыл бұрын қазақтілді аудиторияны көбейтуіміз керек деп мәселе көтеретінбіз. Бүгінде олардың саны миллиондап саналады»

 

 

 

DSC_5295Гүлмира Сұлтанбаева, «Медиасфера» гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры:

«Әлеуметтік желілерде азаматтық ұстанымнан гөрі, эмоцияға жол беріліп жатады. Бізде біреулердің кемшілігін айту белең алып кетті. Азаматтық қоғамда эмоциядан бұрын азаматтық ұстаным тұру керек»

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді