jasqazaq.kz

Инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүруде

18 тамыз 2022, 20:52

Шымкенттегі Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.

Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз  сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тартылуда.

Сондай-ақ, аталған елді мекенде табиғи газбен қамту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың  40%-ға жуығы аяқталды. Жоспар бойынша пайдалануға 2023 жылы берілмек.

Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алуда. Ішкі орамдық кәріз құбырының  жалпы ұзындығы 39,6 шқ құрайды. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.

Ал, Достық шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту өзекті мәселенің бірі.

Бүгінде электр тарату бекетіне керекті жабдықтар орнатылды. Жалғап қосу, қосылу көзіне кабель желісін жалғау және 13 электр трансформаторларын орнату, 7 шақырым 10 кВ кабель желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 83%-ы аяқталды. Қарашада абоненттеу жұмыстары жүргізілмек.

Сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алған.
Жыл соңына дейін шымкенттіктердің 99%-ы сапалы электр қуатын тұтынатын болады.

Сонымен қатар, қалада жол құрылысы да қарқын алған. Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады.

Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.

Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан — 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті