jasqazaq.kz

Инфрақұрылым құрылысы өз жемісін беруде

24 тамыз 2022, 18:12

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов және Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына іс-сапарының аясында Шымкент қаласы Сәуле шағынауданының 276-шы орамында болып, аталған елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты.  Болашағы 5 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді деп жоспарланған бұл шағынауданда сапалы электр жүйесі іске қосылды.

Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректеріне сүйенсек, Сәуле шағынауданы 276-шы орамда электр жүйесін жүргізу жұмыстары өткен жылы басталған. Құрылыс жұмыстарын «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-і жүргізіпті. Мұнда жалпы ұзындығы 76,2 шақырым электр желілері жүргізіліп, 21 трансформатор мен 1 электр тарату станциясы салынған. Тұрғындар бұған дейін электр қуатының әр киловаты үшін жекеменшік жеткізушілерге 25 теңгеден төлеп келсе, енді 17 теңгелік тарифпен төледі.

Жалпы, Шымкентте халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 16 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 98 пайыздан 99 пайызға дейін өседі.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Бадам елді мекені 195-ші орам мен Тассай тұрғын алабында табиғи газ жүйесі де іске қосылды.

Жалпы 276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Өткен жылы ауыз су құбырларын тарту аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары биыл басталған. Ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылды. Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталды. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріліп, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Жыл қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті