Ақтөбеде InDriver мобильді қосымшасын жүктеп, жолаушы тасымалдаған тұрғын жауапқа тартылды. Қалалық мамандандырылған әкімшілік соты оны арнайы рұқсат алмай, кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін деген желеумен жауапқа тартты.
Жүргізушіге 31 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, алайда көлік иесі өзінің кінәсін мойындағандықтан, айып мөлшері 30 пайызға азайтылып, 22 мың теңге төлейтін болды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Асқар Ақтілеу
Ақтөбе