Желіде Индонезиядан табылған бөгдепланеталыққа ұқсайтын белгісіз жәндік табылды. Ол қармауыштарының көмегімен қозғалады. Желі қолданушылары оның шығу “тегіне” қатысты талас жүргізді. Кейбіреуі мұның бөгдепланетадан келгенін айтады.Бұл туралы ТҺе Mirror басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.
“Егер мен бұл жәндікті үйдің ішінен көріп қалатын болсам, ойланбастан үйді толықтай өртеп жіберетін едім”, “Мен осы секілді жәндікті Боливияның шығысынан көргенмін. Бөгдепланеталыққа ұқсайды” деп жазады желідегілер.
Ғалымдар бұл жәндіктің “Creatonotos gangis” атты күйе көбелектің ерекше түрі екенін айтады. Ол адам үшін қауіпті емес. Тек анар ағашын жоюмен айналысады. Мұндай күйе көбелек түрлері Индонезия, Үндістан, Шри-Ланка, Жапония, Таиланд және Жаңа Гвинеяда өсіріледі.