Динара Сұлтанды туған күнімен құттықтаған Мейрамбек Бесбаевтың басы дауға қалды. Себебі Индира Расылхан меншікті мерекесін ұмыт қалдырып, жас әншіге көңіл бөлген Бесбаев мырзаға ренжіп қалған-ды, – деп жазады Stan.kz тілшісі.
“Динара Сұлтан, туған күніңмен, бар жақсылықты тілеймін”, – деген Мейрамбек Динараның мықты әнші екенін атап өткен. Мейрамбектің жас әншіге көрсеткен ілтипаты Индира Расылханның көңіліне тиіп кетсе керек-ті. “Бізге қарағанда Динараның дәрежесі сіздің алдыңызда жоғары екен. А так бізде де туған күн болды”, – деп астарлап ренішін білдірді әнші.