Індеттің беті әлі толық қайтқан жоқ

15 мамыр 2020, 13:11

Апта басында Президент Қ. Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізіп, ел тұрғындары асыға күткен мәлімдеме жасады.

Белгілі болғандай, еліміз індеттің шарықтау шегінен өтті және көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Дегенмен кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Осыған орай карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.
Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, індетті толығымен жеңдік деп айту әлі ерте. Бүгінде бүкіл әлем коронавирус пандемиясының таралуы және оның салдарына қарсы күресті жалғастыруда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, дүние жүзі бойынша 200-ден аса елде 4,1 миллионнан астам адам коронавирус індетін жұқтырған. Індеттің таралу қарқынының төмендеуі жөнінде жариялаған Оңтүстік Корея, Германия елдерінде вирусты жұқтырғандар санының қайта өсуі тіркелуде. Ал Франция парламенті төтенше санитарлық жағдай режимін 10 шілдеге дейін созуға шешім қабылдады.

Осының бәрі COVID-19 пандемиясы халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екенін аңғартады. Сондықтан карантин шараларын жеңілдету барысында әр азаматымыз өзінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуы және барлық мекемелерде, көлік пен кәсіпорындарда санитарлық талаптардың сақталуы аса маңызды болып тұр.

Қазіргі жағдай көрсетіп отырғандай, мемлекеттің стратегиясы мен қабылданып отырған жедел шаралар тиімділігін көрсетті. Басқарудың барлық салаларында мемлекет пен қоғам өмірін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-әрекет жүйесі жолға қойылған. Мемлекет басшылығы белгілеген іс-қимылдың нақты алгоритмінің арқасында коронавирус індетінің Қазақстанға таралу қарқыны бәсеңдетілді. Мемлекеттің экономика саласында, әлеуметтік қолдау көрсету бағытында дағдарысқа қарсы жүзеге асырып жатқан ауқымды шаралары да осы қиын кезеңді абыроймен атқару жолында үлкен демеу екені анық. Дегенмен әлем бойынша ұзаққа созылатын экономикалық дағдарыс, рецессия мәселесі барлық мемлекеттер үшін күн тәртібінде тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыс кезіндегі және одан кейін елімізде бұл бағытта атқарылатын нақты жұмыстарды ары қарай дамудың басымдықтары мен жүзеге асыру жолдарына ерекше тоқталды. Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға бағытталған Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың да әзірленіп жатқанын айтты.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылатыны да өте маңызды шешім. Алда үлкен, жүйелі жұмыстың тұрғаны анық.

Пандемияға байланысты орын алған дағдарыс бүкіл әлемге, сондай-ақ Қазақстанға медицина, білім беру, әлеуметтік салаларды дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Елде төтенше жағдайдың алғашқы мерзімінде осы салалардағы ұйымдастыру жұмыстары, технологиялық жабдықтандыру мәселелері бойынша олқылықтардың да болғаны белгілі. Осы орайда денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру бойынша, әсіресе, инфекциялық бақылау, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бағыттарында түбегейлі өзгерістердің қажеттілігі туындады.

Бұл арада Мемлекет басшысы Үкіметке белді ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Биологиялық қауіпсіздік кеңесін құру қажеттігі туралы ой салды. Жаңа талаптарға сәйкес, адамзат қашықтан оқу, жұмыс істеу, сауда-саттық жүргізу қажеттілігіне тап болды. Соңғы екі ай ішінде біздің қоғам да осы үдеріске үйренісіп келеді. Пандемиядан кейінгі болашағымызда бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, жаңа ыңғайлар мен үрдістерді жүзеге асыру жұмысын қолға алу керек екені айдан анық.

Президенттің мәлімдемесінде бұл шаралар кеңінен айқындалған. Қазіргі ахуалда анықталған кемшіліктер мен барлық қажетті шаралар 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жаңа нұсқасында ескерілу маңыздылығы көрсетілген. Ол, әсіресе, экономиканы және мемлекетті басқару ісін барынша жандандыратын институционалдық және құрылымдық реформаларға байланысты. Сондай-ақ білім беру, электронды үкімет, мемлекеттік басқару, қоғамға қызмет көрсету жүйелерін заманауи талаптарға сай цифрландыру, технологиялық тұрғыдан дамыту, қашықтан жұмыс істеу форматтарына өткізу бойынша жұмыстардың да тез арада жолға қойылуы кезек күттірмес мәселелер қатарында.

Мемлекет басшысы қандай күрделі кезең болмасын, елімізде халықтың жағдайы, әр азаматтың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты құндылықтар екенін айтып келеді. Ендігі жерде оны дұрыс түсініп, жаңа форматта жұмыс істеуді қолға алу маңызды міндет боп тұр.

Мәдина Бектенова,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген