jasqazaq.kz

Ин-шик Чжанг: Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы біз үшін түркі әлеміне қақпа

20 мамыр, 10:54

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің шақыруымен 2025 жылғы 12-16 мамырда Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының (A-WEB) Бас хатшысы Ин-шик Чжангтың Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды.
2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында ресми сапардың барысында Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының (A-WEB) Бас хатшысы Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы (ОСО КП) туралы Ережеге қол қою рәсіміне және «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, сөз сөйледі.
2025 жылғы 16 мамырда Астана қаласында Ортсайлаукомның кеңсесінде А-WEB Бас хатшысы Ин-шик Чжанг өз сапарының шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесті. Кездесуге ОСК мүшелері, комиссия аппаратының және «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК қызметкерлері, Астана қ. мен елордалық аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады, сайлау өткізу, сайлау процестерінде цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ сайлаушыларды ақпараттандыру және сайлау кезеңінде жалған ақпараттың таралу қаупі мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен шақыртуды қабыл алғаны үшін Ин-шик Чжангқа алғыс айтып, қауымдастықпен жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Сондай-ақ басқа мемлекеттердің сайлау органдарымен және де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігі расталды.
Өз кезегінде Чжанг мырза ҚР ОСК-на сындарлы ынтымақтастық пен сайлау саласындағы халықаралық әріптестікті дамытуға қосқан үлесі және Қазақстанның қауымдастық жұмысындағы белсенді рөлі үшін алғысын білдіріп, еліміздің сайлауды өткізудегі ашықтық пен инклюзивтілік қағидаттарын ұстанатынын баса айтты.
Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен сайлау жүйесін және де жалпы елді дамытудағы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады.
«Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы біз үшін түркі әлеміне қақпа деп санаймыз. Біз табысты ынтымақтастық үшін бірінші кезекте қазіргі уақытта технологиялармен алмасуымыз керек деп есептейміз, сондықтан біз одан әрі болашақ ынтымақтастыққа үлкен үміт артамыз. Түркі мемлекеттері ұйымының сайлау органдарының консультативтік платформасы біздің ұрпақ үшін ғана емес, келесі ұрпақ үшін де жақсы тетік болады деп сенемін. Бұл платформа Қазақстанмен, оның ішінде түркі әлемі елдерімен ынтымақтастығымызды жүйелейді, сондықтан біз тығыз өзара іс-қимыл үшін жақсы тетік құрғанымызға өте ризамыз», — деп атап өтті Cайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының басшысы.
Сонымен қатар, Чжанг мырза сайлау саласындағы жаһандық трендтер, сайлау үдерісін цифрландыру туралы айта келе, бұл мәселе бойынша қоғамда консенсустың болмауына және сайлаушылардың цифрлық сайлау технологияларына сенімсіздігіне байланысты Кореяның электронды дауыс беру жүйелерін қолданбайтынына тоқталды.
Кездесу ашық, достық және кәсіби түрде өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты диалогты, сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниетті екенін растады.
Кездесу соңында Нұрлан Әбдіров Ин-шик Чжангқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» халықаралық конференциясының материалдар жинағын табыс етті.

30 мамыр, 13:06
Дархан Сатыбалды: Алматының жаңа полиорталықтары адамдар үшін жайлы болуы тиіс
30 мамыр, 11:49
Қазыбек Дәуіталиев: Қоғамдық кеңес – халықтың үніне айналуы тиіс
29 мамыр, 16:03
Түркістан: Нұралхан Көшеров индустриалдық аймақтарды әрмен қарай дамытуды тапсырды
29 мамыр, 14:20
Түркияның жетекші фармацевтикалық компаниясы Түркістанда өндіріс ашады
28 мамыр, 15:03
Түркістан: «Бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті
28 мамыр, 14:50
Түркістан: 1069,5 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды
28 мамыр, 14:36
Алматыда жол мәселесі қалай шешімін таппақ?
28 мамыр, 14:18
Түркістан: Ерте піскен қауын экспортқа жөнелтіле бастады
28 мамыр, 14:10
Түркістан: Ұлттық рухты асқақтатқан жас өскін