jasqazaq.kz

Иманғали Тасмағамбетов: Жаһандануды тежеуге талпыну — қараңғылық

01 желтоқсан 2016, 17:32

imangali

Жаһандануды «тоқтатуға» талпыну — қараңғылық. Бұл туралы бүгін Республикалық жастар форумы аясында жастармен кездескен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Глобализация немесе жаһандану — бұл енді ешқашан да кері қайтпайтын әлемдік үрдіс. Оны «тоқтатамын» деп талпынудың өзі қараңғылық», — деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар «Өз атасының ұлы бола алмаған, адамзаттың да бірі бола алмайды» деген бабалар сөзін тілге тиек еткен ол жаһанданудың бізге берер мүмкіндігі қандай шексіз болса, заңы да сондай қатал екенін баса айтты. Жаһандануға тек рухы биік, руханияты кең халықтар ғана  қарсы тұра алатындығын, бұл ретте мемлекет ел ертеңі — жастарға үлкен үміт артып отырғанын баса айтты. «Содан болар — оған тек ішкі рухымыздың беріктігімен, ұлттық тұғырымыздың мықтылығымен ғана қарсы тұруға болады. Ал ең қуатты, ең құнарлы, ең сауатты руханият тек жастарға ғана тән. Бұл қазіргідей сахналарды сауық-сайран, теледидарды атыс-ойран, ғаламторды күдік пен күмән жайлаған заманда арқа сүйер жалғыз үміт», — деді Тасмағамбетов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету