Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин ет жемейтінін және салмақты тәтті жеп жинайтынын айтты, — деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бұл туралы ол Қостанайдағы академияға сапары барысында айтты.
«Еттен әдейі бас тарттым, себебі ет — энергияны жұмсайтын өнім. Организмге оны қорыту үшін көп күш керек. Енді энергиямның барлығы атлетикаға кетеді. Ет өнімдерінен бас тартып, тек белок ішіп жүрген кезден бастап өзімді жеңіл сезіне бастадым. Спортзалда жаттығу да оңайырақ болды. Балықты балалық шағымнан жемеймін, салмақты тәтті жеп жинаймын», — деді Ильин.