jasqazaq.kz

Илья Ильин әйелімен ажырасқанын айтты

01 қараша 2017, 16:34

Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің жұбайы, гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Натальямен ажырасып кеткенін ресми мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал спортшы бұл туралы отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында айтты.

«Бұл туралы сөз қозғау маған әлі күнге дейін қиын болса да, айтып берейін. Біз бір жылға жетпес уақыт бұрын бөлек кеттік, алайда ажырасу туралы ресми құжаттар жақында ғана қолымызға тиді.

12 жыл бірге тұрдық. Бір-бірімізді сүйдік, қызымыз өсіп жатыр. Бірақ соңғы уақыттарда орын алған келеңсіз жағдайларға төзуге шыдам жетпеген секілді. Бәлкім, мен сияқты әбден күйзеліске түскен адаммен өмір сүру қиын болған шығар.

Біздің арамызда бұған дейін де ұсақ-түйек кикілжіңдер болып тұратын. Ол жалғыз біздің отбасымызда болмағаны белгілі, әрине. Екеуміз ондай жағдайларда ақылмен шешіп, қиындықты жеңіп шығатынбыз. Дегенмен, соңғы кездері бұл мүмкін болмады.

Маған да, Наталиға да екі есе ауыр тиді. Мен мұны жақсы түсінемін. Орын алған үлкен жанжалдан кейін ол үйіне кетіп қалды. Мен де оның бұл қылығын көтере алмай, ажырасуға шешім қабылдадым.

Иә, өте көп эмоцияға беріліп қойғаным рас. Бірақ мен дәл осылай жасауым керек болғанын қазір ұғындым. Екеуміз де әлі күнге дейін өкпеліміз. Әзірге араласып та жүрген жоқпыз. Әлеуметтік желілерде де бір-бірімізді бақыламаймыз», — деп ағынан жарылды Ильин.

Журналистің «Допинг дауы болмаса қазір бірге болар ма едіңіздер?» деген сұрағына Илья өзінің күнәлі істері көп екенін алға тартып, көңілсіз жауап берді.

«Допинг төңірегіндегі әңгімелерден бөлек біздің басымызда проблема жетіп артылатын. Бұл нәрсе маған ұнамағандықтан дереу тоқтатуым керек екенін сездім. Мен өзіме де, оған да дәл осылай жүре беруімізге жол бере алмадым.

Натали – жас, әдемі, болашағы бар тұлға. Оның жанында басқа азамат жүргені дұрыс. Сол адаммен бірге өзі қалаған нәрселерімен айналыссын. Өз бақытына қол жеткізу үшін оны жіберуім керек болды.

Ал мен өзіммен-өзім боламын. Мен нағыз еркектерше өз міндетімді атқардым. Иә, мен өте қызба мінезді жігітпін және аз күнәға батқан жоқпын. Бірақ, болған жайтты өзгерту мүмкін емес», — дейді спортшы.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы